• Добро пожаловать!
  • Форум Ovi.kz приглашает энтузиастов, молодых и талантливых людей. Которые хотели бы развивать свои идеи и реализовывать цели. Для Вас будут созданы специальные разделы с подфорумами. Сможете размещать статьи, опросы, темы, петиции, дискуссии и т.д. Для Вас будет доступен весь функционал форума. Для вступления в команду создайте тему на форуме. Опишите то, что Вы бы хотели реализовать. Мы всегда будем рады Вам!

Қазақтың сөз байлығы

Тағыда қазақтың сөз байлығына тоқталғым келеді. Ата –бабаларымыздың артқа тастап кеткен тәрбиелік мәні мен мағынасы терең, даналық сөздері ұшан теңіз емес пе?. Өткенде «Сарыарқа самалы» мен «Ардагер – Ветеран» газеттерінде осы жәйлі ой бөліскен екі мақалам шыққан еді. Соны жалғастырмақшымын. Қазақта туралап айтпайтын балама сөздер өте көп, оларды басқа тілге аудару өте қиын. Өз басым бұл сөздерді аудамақшы болып қиналған едім, ақыры аудара алмай қойғанмын. Сол себепті де балама сөздердің төңірегінде болмақ. Осы сөздердің біразы күнбелікті өмірде қолданылады. Бірақ, көбі бүгінгі әдебиетімізде қолданыла бермейді. Сонымен біразына тоқталып кетейін: «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» деген адамдардың сыйысуы дененің үлкен кішілігіне емес көңілдің кеңдігімен тарлығына байланысты болады.
Ертеректе халықтың ниеті бұзылмай, пейілі тарылмай тұрғанда ауылдық жерлерде арнайы қонақ үй деген мүлдем болмайтын. Жолаушылар кез келген үйге құдай қонақ болып түсе беретін. Оны ешкім ерсі көрмейтін. Керісінше қонақты құдай өзінің ырызық несібесімен жібереді дейтін. Сөзім дәлелді болу үшін, бала кезімізде ауылға әртістер келіп концерт, пьеса қоятын. Тіпті клуб іші кішкентай болғасын ба жаз айында ферманың қара мал тұратын базасына да қойып жүрді. Есімде концерттен кейін әртістерді үй – үйге бөліп тастайтын еді. Біздің үйге де талай әртістер келіп қонған. Оларға тамақтан кейін тағы үйде концерт қойғызып мәз болушы едік. Біздің үйде солардың берген бір батасы осы күнге дейін ойымда жатталып қалыпты.
«Дастарханың жазыла берсін,
Самауырың қайнай берсін.
Балаларың ер жетіп,
Бұлбыл құстай сайрай берсін!» деген.
Сол кездегі пейілдің кеңдігі –ай!

Ал енді біздің бабаларымыз көрікті, көркем ойларын балама сөздер арқылы жеткізген екен. Енді кең пейілге, көңілге керісінше: «Шық бермес Шығайбай». Бұл қазақ ертегілерінің бірінің жағымсыз кейіпкері ретінде елдің бәрі біледі. Шық деген күзгі таңда шөптің басында будан жиналатын мөп –мөлдір тамшы су болады. Соның өзін бергісі келмейтін сараңды айтады.
Кейін бұл жалпыға есімі белгілі сараң деген сөздің баламасына айналып кеткен.
«Аузы кернеді, аузы құрғақ» - қатты шөлдеді деген мағынада айтылады. «Ернін шүйірді» - жақтырмады, менсінбеді. «Ернін шығарды» - мазақтады, келеке етті. «Ерні мойынына кетті» - жүдеп жадады, берекесі қашты, шаруашылығы күйзелді. «Елдің ері- егеудің сынығы» - асыл тектінің ұрпағы, жақсының көзі. «Еншісін берді» - үйленген баласына мал-мүлкін бөліп беріп бөлек шығарды. «Еңірегенде етегі толды» - зар илеп ботадай боздап жылағанды білдіреді. Міне айта берсе мұндай балама сөздердің шегі жоқ.
Қазақта халық айтса қалт айтпайды деген сөз бар. Тағыда оралып кең пейіл жөнінде айтсақ: «Адам не тапса да пейілінен» деген екен. Ақындар айтады:
Пейілі пенделердің тарылғанда,
Көздері тұмшаланып таңылғанда.
Шындықты қарсы шығып қабылдауға,
Құлағы ақиқатқа жабылғанда.
Құл болып кетсе адамдар құлқынына,
Басынан барлық пәле арылған ба.
Қалпына келер бәлкім қалың қауым
Таба алса тура жолын жаңылғанда.
Түзелсе ниеттері кейінгінің,
Жарылқар адамзаттың бәрін Алла!
Пейіліміз тарылмасын ағайын!

Бектеміров Р. –еңбек ардагері
«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
Май ауданының Құрметті азаматы,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
 
Верх