• Добро пожаловать!
  • Форум Ovi.kz приглашает энтузиастов, молодых и талантливых людей. Которые хотели бы развивать свои идеи и реализовывать цели. Для Вас будут созданы специальные разделы с подфорумами. Сможете размещать статьи, опросы, темы, петиции, дискуссии и т.д. Для Вас будет доступен весь функционал форума. Для вступления в команду создайте тему на форуме. Опишите то, что Вы бы хотели реализовать. Мы всегда будем рады Вам!

Қазақтың сөз байлығы

Қазақ сөз қадірін өз қадірінен жоғары ұстаған халықпыз. Қазақтың біртуар ақыны Қадір Мырза:
Қазаққа сөз дарыған,
Қызыл шоқтай қырыған.
Бір ауыз сөзге семірген,
Бір ауыз сөзден арыған.
- дегендей сөзге үлкен мән берген. Негізі біздің қазақ адамды сөзінен таныған. Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқан екен:
Ең бірінші ойыңды түзе,
Ойдан сөз туады, сөзіңді түзе,
Сөзден іс туады, ісіңді түзе,
Ісің әдетке айналады, әдетіңді түзе,
Әдет мінезге айналады, мінезіңді түзе,
Мінез - тағдырыңды шешеді
– деген екен жарықтық. Сондықтан бәрі ойдан басталады емес пе? Бірақ ойың сөз болып далаға шықпаса оныңды ешкім біле бермейді. Бұрынғылар ойын өрнектеп, түрін түрлендіріп көркем сөзбен жеткізген. Сол үшін ата –бабамыз айтар сөзін, филасофиялың тұрғыдан терең, туралап айтпай, астарлап жеткізген. Бұл сөздерді балама сөздер деп те айтады.

Ал енді тағы да балама сөздерге келсек: «Бір де болса –бірегей, сүт бетінде - кілегей». Бір қауым жұрттың ішіндегі ең бір құрметті адамды осылай деп атайды. «Әрі тартса – арба сынады, бері тартса – өгіз өледі» Бұл жерде шарасыздық жағдайға байланысты болып тұр. Бір –біріне байланысты екі мәселе туындап оның шешімі табылмай, табылған кезде де ешкімді ренжітпей, көңілін қалдырмай шешудің ретін келтіре алмай тұрған шақты білдіреді. «Шаш ал десе – бас алады» Әпербақан, даңғой қолындағы аз ғана билігін артығымен пайдаланып, адамгершіліктен жұрдай адамды айтады. Ондай адамдар әсіресе елді колхоздастыру кезінде кедейден шыққан шолақ белсенділер болды. «Атың шықпаса жер өрте» Қайтсем де атымды шығарам деп жаман қылық жасағанды айтады. «Есектің жүгі жеңіл болған сайын жатаған келеді» Есек деп бұл жерде жалқау адамды айтып отыр, оның жауапкершілігі азайған сайын, жұмысы жеңілдеген сайын жалқаулығы арта түседі. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» Басыңды кесіп алса да әуелі тыңда, сосын білгеніңді істей бер деген сөзді білдіреді. «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты» деген бұрынғылар. «Ақылдының қазынасы - білімі болса, ақылсыздың қазынасы – дүние мүлкі болса».

«Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос», «Ашу пышақ, ақыл таяқ, жона берсең таусылар» Бұл мақалдардан біз ақылды жетілдіруге дамытуға болатынын білеміз. Халық айтады: «Айла алтау, ақыл жетеу. Ақылмен айла қосылса алдырмайтын екеу» Бұған әрине Абай атамыз айтқандай «...Ақылың мен еңбегің екі жақтан» дегенді қосуға болады. Бір ақынның қара өлеңінде:
Еш жапон артық емес еш қазақтан,
Бейнетсіз тірі бар ма босқа жатқан.
Біздерден ақыл асып туатындай,
Жапон да жаралған жоқ басқа заттан.

Ендеше Алла берген ақылды дұрыс пайдаланып көбірек ізгі амалдар жасай берейік, ағайын.

Бектеміров Р. – еңбек ардагері,
«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
Май ауданының Құрметті азаматы,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
 
Top.Mail.Ru