• Добро пожаловать!
  • Форум Ovi.kz приглашает энтузиастов, молодых и талантливых людей. Которые хотели бы развивать свои идеи и реализовывать цели. Для Вас будут созданы специальные разделы с подфорумами. Сможете размещать статьи, опросы, темы, петиции, дискуссии и т.д. Для Вас будет доступен весь функционал форума. Для вступления в команду создайте тему на форуме. Опишите то, что Вы бы хотели реализовать. Мы всегда будем рады Вам!

Президеттің мәлімдемесін қолдау

Tleuqabyl

Администратор
Команда форума
23.01.2022
60
3
8
Кешегі Қазақстан Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған мәлімдемесін шынайы ыждахатпен тыңдадым. Менің ойымша халықтың әл –ауқатын жақсарту үшін ең бірінші әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінуі тиіс. Сол себептен менімше халықтың көкейіндегі мәселерге тоқалды.
Айтатын болсақ халықты жұмыспен қамту мәселесін қолға алу, импорттық товарларды азайтып өзімізде өндіру. Азық –түлік пен товарлардың бағасы мен комуналдық қызметтерді өсірмеу, жалпы жалақы мөлшерін өсіру, инфляциямен нақты күресу. Тенгені тұрақтандыру. Халық банкілеріне халықтың сенімін арттыру. Жеке меншік банктерге бюджеттен қаржы бөлу тоқтатылсын деді. Билікпен бұқарахалықтың арасының алшақтап кетуі, депутаттармен, шенеуліктерінің жалақыларына мараторий жариялау болып табылады. Байып кеткен жеке компаниялардың табысын халықпен бөлісу керектігін айтты. Қазақстанның капиталының шет мемлекетерге шығуына тыйым салу. Осының бәрі халықтың көкейінде жүрген мәселе.
Білім саласына келсек мұғалімдердің мәртөбесін көтеру, мұғалім мектептің жүрегі деді. Онсыз болашағымыз болмайды. Жоғарғы оқу жүйесін жақсарту сапасын көтеру. Сол себеті шетелдердің оқу оырдарының филиалдарын ашу. Алдымыздағы үш- төрт жылда Ресейдің жоғарғы оқу орындарының Ресейдің бес филиалын ашу.
Кешегі еліміздің тәуелсіздігіне төнген қауіп қатерден, экстремистермен, террористермен былайша айтқанда ланкестермен тойтарыс бергенде кемшіліктер байқалды. Ұлттық гвардияның сан жағынан аздығы, олардың дайындығы ойдағыдай болмады. Қарулы күштер дәрменсіздік көрсетті. Осының бәрі еске алынуы тиіс , қарулы күштермен тәртіп сақшыларының жалақыларын көбейтуін талап етті.
Қытаймен шекарадағы кеденде орын алған көлеңсіз мәселелерге тоқталып өтті. Қаншама миллиардтап ақша үкіметтік қоржынына түспей жатыр. Сол сияқты ескі машиналардан түскен (утильсборда) ақша қайда кетіп жатыр. Міне осының бәрін халық біледі, мемлекет бюджетіне түспей жатыр. ЛРТ мәселесіне де тоқталды. Осының бәрі халықты ашындырады. Енді осы мәлімдегі кемшіліктерді жоюға үкіметке екі –үш айдың ішінде бағдарлама жасауға президент тапсырма берді. Еншалла бәрі жақсы болады едеген үмітіз бар. Бір сөзбен айтқанда Президенттің мәлімдемесін қолдаймыз.

Бектеміров Р. – еңбек ардагері,
«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
Май ауданының Құрметті азаматы,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
 
Top.Mail.Ru