«Үлкен алдында жас қарызы,Ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый»
М.Әуезов
Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше . Отбасы баланың алтын бесігі.Бала үшін дүниеде ең жақын,білімді де, мәртебелі адам-оның ата-анасы .Бала көзінше ата-анада қолайсыз жағдай болмауы тиіс. Шектен тыс еркелетпеу қажет. Еркелік дөрекілікке,өмірді түсунуіне кері әсер етеді.Жасынан еңбекке,өзгенің еңбегіне қадірлеуге,ортада сабырлы көмекке дайын болуға үйрету. Әрбір ата-ана өз баласы үшін- басты тұлға.М.Әуезов
Адалдық пен мейірімділікке,жауапкершілік пен,кешірімділікке негізделген отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендердің мінез-құлқы мен әрекеті сыйлауға тұратындай ,жасөспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы қажет. Ата –аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде коғам мен мемлекет алдында жауапты оны естен шығармауға тиіс. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттері бар. Бұл міндеттер әлі келетін жұмысты орындайтын және жалпы іске өз үлестерін қосатын балаларға да жүктеледі. Ондай отбасында балалар ата-аналардың және ересек адамдардың еңбектерін сыйлайды, еңбек сүйгіш,ылтипатты ,тіл алғыш, жинақы және белсенді болып өседі . Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы-үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болсада,бір-бірімен рухани жақындығы,мақсат ынтымақтастағы кажет. Адамға өмірде ең кымбаты – отбасы. Отбасында сүйспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір –бірін аялап, кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.
Тәрбиедегі ең басты ережелер –балаға керекті кезде назар аудара білу,оған деген махаббаты қай жаста да көрсету білу,оның қөзқарастарың ерекшілектерін түсіне білу болып табылады. Адамды сүю, тәрбиелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адам мен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса,оған шын пейіл білдірсе, егер ол басқа біреуіді қуанышқа бөленгеніне өзін бақытты сезінсе -ол Адам болады деген сөз.
Май ауылы, Май жалпы орта білім беретін мектеп,
Психолог; Жанакова Гульнара Ерболатовна