• Добро пожаловать!
  • Форум Ovi.kz приглашает энтузиастов, молодых и талантливых людей. Которые хотели бы развивать свои идеи и реализовывать цели. Для Вас будут созданы специальные разделы с подфорумами. Сможете размещать статьи, опросы, темы, петиции, дискуссии и т.д. Для Вас будет доступен весь функционал форума. Для вступления в команду создайте тему на форуме. Опишите то, что Вы бы хотели реализовать. Мы всегда будем рады Вам!

Жалпы ұлттық аза тұту күніне

Құрметті жерлестер, отандастар! Мен еңбек ардагері ретінде, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жалпы Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде халқыма, жұртыма осы қиын-қыстау кезеңде айтатын бір – екі ауыз сөзім бар. Кешегі күндері елімізде болған уақиғаларды естіп, күңірендік. Ата- бабаларымыздың пәлен ғасыр аңсап қол жеткізген тәуелсіздігімізге қауіп төнді. Тәуелсіздікті ұстап тұру да оңай еместігіне халықтың көзі жетті. Ең бастысы Президентіміздің батыл шешімдерінің арқасында ұйымдастырылған халықаралық лангестердің іс – әрекетіне тойтарыс берілді. Бірақ- өкінішке орай әсіресе үлкен шаһарымызда орын алған ланкестік топтар қанша дүниені қиратты, жақты, өртеді. Олардың шабуылдарынан қаншама жас ұландар, тәртіп сақшылары қаза тапты. Бұл әрине барып тұрған бұзақылық, тіпті хайуандық жағдайлар да орын алды. Бүгінгі күні, құдайға шүкір, террористер мен экстремистердің тірі қалғандары ұсталды, қалғандары операция кезінде атылды. Қазір елімізде тыныштық орнады. Тергеу жұмытары жүріп жатыр.

Қаңтардың оны күні жалпыұлттық аза тұту күні болып өтті. Бұл елімізде бұрын –соңды болмаған қаралы күн. Осы қағылыста шәйт болып кеткен боздақтарымыздың жанұяларына әке- шешесіне туған туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Олардың жандары жәннәтте болсын дегіміз келеді.

Еншалла енді жақсы болады деп үміттенеміз, еліміз аман жұртымыз тыныштықта болсын. Мұндай жағдай енді бізде қайталанбасын.

Бектеміров Р.- еңбек ардагері, зейнеткер.
 
Top.Mail.Ru