• Добро пожаловать!
  • Форум Ovi.kz приглашает энтузиастов, молодых и талантливых людей. Которые хотели бы развивать свои идеи и реализовывать цели. Для Вас будут созданы специальные разделы с подфорумами. Сможете размещать статьи, опросы, темы, петиции, дискуссии и т.д. Для Вас будет доступен весь функционал форума. Для вступления в команду создайте тему на форуме. Опишите то, что Вы бы хотели реализовать. Мы всегда будем рады Вам!

Аяз би әліңді біл!

Атадан қалған асыл сөз
Ақиықты Мұққағали ақын, «Дәуірлердің қателігін түзетіп, Дана уақыт өтіп жатыр сырғалап», - деп көргендікпен айтып кетті. Бүгінгі өмір талабы- рухани дүниелерімізге жаңаша қарап, танымдық, тәрбиелік маңызына қарай оларға жаңаша әділ баға беру.
Қазіргі таңдағы рухани мұраларымыз – ата – бабаларымыздан қалған әдеби мұралар. Халқымыздың өсиеті мен өнегесін, дәріптер дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын қазақтың би шешендерінің асыл сөздерінен, әдеби мұраларынан білеміз. Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды біліп, оқып қана қоймай, олардың өсиетін келер ұрпаққа үлгі етіп көрсету – біздің басты міндетіміз. Қазақ халқы оқымаса да ойына тоқығаны көп, екінің бірі ақын, жыршы, шежіреші болған.
Қазақтың шешендік сөздерінің бастауы деп Майқы биді айтамыз. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға атағы таралып келе жатқан Майқы би бабамыз шешен сөздің де, би біткеннің де басы болса керек.
Майқы бидің қасында Аяз би де дана би болған. Оған Майқы би оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Ол екеуі көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Ол екеуімен Майқы би ақылдасып, халық тағдыры, шаруа қамы жөнінде жиі – жиі ой – пікір алысып отырған. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес – кестей беріпті. Сонда Майқы би:
Билер бүгін Майқының жолын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын сөзі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс.
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ.
Орынсыз ауыз ашсаң,
Байқамай басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл,
- деген екен. Майқы бидің, басқа да шешендерімізбен даналық сөздерін, тәрбие көздерін әрбір қазақ баласы біліп, ойында тоқып жүретін болса, келер ұрпақтарымыз өмірге әділет көзбен қарап, келісті істер жасайтыны анық.

Қазіргі таңда еліміздің болашағы үшін, дүйім жұртты ауызына қаратып, ұйытып сөйлеген білгір шешендердің өнегелі сөздерін әрбір қазақ баласы меңгеру керек.

Бектеміров Р. – еңбек ардагері,
«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
Май ауданының Құрметті ақаматы,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
 
Top.Mail.Ru